378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында «Үй жанындағы дүкен» жобасы жүзеге асуда

  • 137
  • UPD: 18:12, 25.04.2019
Павлодар облысында «Үй жанындағы дүкен» жобасы жүзеге асуда

Ертіс өңірінде «Үй жанындағы дүкен» жобасы жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – көп қабатты тұрғын үйлердің алдына орналасатын заманауи сауда павильондары. Халық әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді 10-15 процент төмен бағамен сатып  алады. Аталған тізімге тағамның 19 түрі енген. Жергілікті билік маусымдық қымбатшылықтың алдын алу үшін күн сайын мониторинг жүргізіп отыр. Әзірге бағаны негізсіз көтеру дерегі тіркелмепті. Бүгінгі таңда әлеуметтік дүкендердің саны аймақта 25-ке жеткен. Олардың қатарын шағын павильондар толтырып  отыр. Қазір қала ішінде 5 павильон жұмыс істеп тұр. Тағы 10 сауда орнына жер бөлінген.

Арман Асипов, қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі жетекшісінің м.а:

– Әлеуметтік дүкендердегі азық-түлікке қосылатын үстеме ақы 10 проценттен аспайды. Қазір біз «Үй жанындағы дүкен» жобасын жүзеге асырып жатырмыз. Сауда павильондарын әрбір шағын ауданға қоямыз.

Хабар 24 телеарнасы