389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да жүк көлік иелеріне 7 млн теңге айыппұл салынды

  • 494
ШҚО-да жүк көлік иелеріне 7 млн теңге айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысында жүк көлік иелеріне жыл басынан бері 7 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар – көлікке шектік салмақ мөлшерінен бірінеше есе асырып жүк тиегендер. Көбісі – «Семей-Курчатов» және «Өскеменнен-Қытай» еліне жол тартатын ауыр техникалар. Аумақтық көліктік-бақылау инспекциясы мамандарының айтуынша, Қазақстандағы қара жолдардың көбі 6 тоннадан артық салмаққа шыдас бермейді. Тек Шығыс Қазақстан облысында 6 мыңға жуық ауыр жүк көлігі тіркелген. Бәрін бірдей қадағалауға инспекторларда заңды пәрмен болғанмен, материалдық жағдай жоқ. Сондықтан жылжымалы қадағалау посттарын іске қосуды жоспарлап отыр. Қажетті құрал-жабдық үшін облыстық бюджеттік комиссия қаржы бөлу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Сондай-ақ шекті көрсеткіштен артық жүк тиеген көліктерді уақытша қаңтарып қоятын айыппұл тұрақтары салынуы мүмкін

Кенжебек Мұқашев, облыстық көліктік бақылау инспекциясының  жетекшісі:

– Жыл басынан бері облыстық көліктік бақылау инспекциясы мамандары қиыршық тасты шамадан тыс тиейтін көліктердің өзіне 7 миллионға жуық айыппұл салды. Ауыр жүк жіберген 10 дерек анықталып, олар да 1 миллион теңге айып төледі. Өйткені осы жүктерді жіберген тұлағалар да жауапкершілікке тартылады. Ал Шығыс Қазақстанның аумағына кем дегенде 5 жылжымалы пост керек.

Хабар 24 телеарнасы