379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда полицейлердің қызмет сапасын бақылау үшін «кері байланыс» жүйесі енгізілді

  • 159
Павлодарда полицейлердің қызмет сапасын бақылау үшін «кері байланыс» жүйесі енгізілді

Павлодарлық полицейлердің қызмет сапасын бақылау мақсатында жедел әрекет ету орталығы елімізде алғаш рет «кері байланыс» жүйесін енгізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басты мақсат – тұрғындармен тікелей байланыс орнатып, тәртіп сақшыларының жұмыс алгоритмін жетілдіру. Республикалық нормаларға сәйкес шақырту алған маман оқиға орнына 5-7 минуттың ішінде, учаскелік полицей 15 минут ішінде, ал жедел топ 30 минуттың ішінде жету керек. Орталық қызметкерлері оқыс жағдайдан соң шағым түсірген адаммен тілдесіп, қызметкерлердің жұмысына қатысты сауалнама жүргізеді. Сараптама көрсеткендей, тұрғындар көбінесе мамандардың шақыртуға кешігіп келуі мен жұмыстың сапасына шағымданады. Бүгінгі күнге дейін 20 шағым түсіп, тиісті шара қолданылған. Айта кетейік, кері байланыс нәтижесінде «102» қызметі мамандарының жұмыс кестесі өзгертілді. Енді олар бұрынғыдан тәулік бой емес 12 сағат сайын ауысып отырады. Осылайша жүктеме азайып, сапа артты. Орталық мамандары күнбе күн 70-тен астам құқықбұзушылықты тіркейді. Олардың басым бөлігі - қоғамдық орында темекі шегу, стихиялық сауда, ұсақ бұзақылық қылмыстары.

Темірбек Шәудіров, қалалық ПБ орталық жедел әрекет ету басқармасының бастығы

– Полицейлер жұмысына сараптама жасап, «102» қызметі мамандарының жүктемесін азайттық. Сонымен қатар тәртіп сақшыларының оқиға орнына жету уақыты мен қызмет көрсету сапасына басымдық бердік. Нәтижесінде азаматтардың полицейлерге деген сенімін арттырмақпыз.

Хабар 24 телеарнасы