389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде жергілікті суретшілердің туындылары халық назарына ұсынылды

  • 385
  • UPD: 14:01, 01.05.2019

Өскеменде Қазақстан халқы достығының мерекесі ерекше форматта басталды.

Биыл әдеттегі шерудің орнына бірнеше ойын-сауық алаңқайы ұйымдастырылды. Айта кеткен жөн, ең алғашқы Достық үйі осы Шығыс Қазақстан облысының орталығында ашылған болатын. Бүгінде өңірде 126 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. 100-ден астам ұлт өкілі тұрып жатыр.

Бүгін бізде таңнан бері күн райы бұзылып шыға келді. Қар аралас жаңбыр жауып, сынап бағанасы төмендеп тұр. Бұл туралы кешеден бері ескерту хабарламалар келіп те жатыр. Сондықтан халық бұған дайын болды десе де болады. Дегенмен күннің суықтығынан сескенген біраз жұрт мерекеден бас тартқан сияқты.

Соған қарамастан таңнан басталған мейрам жалғасып жатыр. Мәселен, шағын Арбат ұйымдастырылған. Жергілікті суретшілердің сан түрлі туындылары халық назарына ұсынылып жатыр. Сондықтан тамаша картиналар көпшілікке ұнамай қоймасы анық . 

Қолөнершілер көрмесі де ашылған екен. Сонымен қатар тәтті-дәмділерге толы мерекелік жәрмеңке де жұмыс істеп жатыр. Балаларға арналған арнайы фотозоналар мен түрлі аттракциондар да ұйымдастырылды.

Илья Плындин, облыстық ПД жедел қимылдайтын арнайы жасақтың аға инспекторы:

- Оның  бір  дәлелі  ретінде мен өзімді, қызметімді мысал етер едім. Мен бұл ішкі  істер саласында 11 жыл  еңбек етіп келемін. Ешқашан ешкім «сен орыссың» деп кеудемнен итерген емес. Бейбіт еліме адал қызмет етудемін. Құрылымда  орыс та, ұйғыр да, татар да, кәріс те бар. Әрқайсының еңбегі жемісті, ұжымымыз тату. Менің әйелім қазақ. Балаларымды да қазақша сөйлеуге баулимын. Қазақтың дәстүрін бір  адамдай жақсы білемін. «Бірлік түбі – береке» дейді қазақ. Ендеше бірлігіміз, достығымыз нығая берсін! Мереке құтты болсын!

Түстен кейін де небір қызықтар болмақ. Қазір автоэкзотика шоу бағдарламасы өтеді, 30-дан астам темір тұлпар түрлерін тамашалаймыз. Ретро музыка сынды конкурстық сайыстар да өткізілмек. Ал кешке өскемендіктер жаз сайын асыға күтетін сазды субұрқақ іске қосылмақ.

Авторы: Эльмира Ахметова

Хабар 24 телеарнасы