388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бақыт Сұлтанов қала тұрғындары мен қонақтарын 1 мамыр мерекесімен құттықтады

  • 554
  • UPD: 14:36, 01.05.2019
Бақыт Сұлтанов қала тұрғындары мен қонақтарын 1 мамыр мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов елордалықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.

Құрметті қала тұрғындары және қонақтар!  

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Бүгінгі көктем мерекесі – ынтымағымыз бен берекелі бірлігімізді паш ететін мереке. 

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық табыстары мен жетістіктері ұлттық көзқарастарына қарамастан бір тудың астына ұйысып отырған халқымыздың мызғымас еңбегінің жемісі. 

Қазақстандағы этносаралық татулық пен бірлікті барынша нығайту әрқайсымыздың басты міндетіміз. Біз күш-жігерімізді осы жолда біріктіру арқылы ғана мемлекетіміздің одан әрі дамуына жағдай жасай аламыз. 

Осынау көктемнің мерейлі мерекесінде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке мен игі бастамаларыңызға табыс тілеймін! 

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі                 Б. Сұлтанов

Хабар 24 телеарнасы