389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордаға бюджеттік әуе компанияның алғашқы рейсі ұшып келді

  • 434
Елордаға бюджеттік әуе компанияның алғашқы рейсі ұшып келді

Бүгін Елордаға жаңадан ашылған «FlyАrystan» бюджеттік әуе компаниясының ұшағы келіп қонды.

Қазақстандағы алғашқы лоукостер ең бірінші рейсін Алматы - Нұр-Сұлтан бағытында орындады. Әзірге олар еліміз бойынша алты қалаға қатынайды. Алматыдан Нұр-Сұлтан, Тараз, Шымкент, Павлодар, Қарағанды және Оралға ұшады. Алдағы уақытта өзге де жаңа бағыттарда ашылмақ. Компания биыл 700 мың, ал 2022 жылға қарай жолаушылар санын 4 млн-ға жеткізуді көздейді. Тек Қазақстанда ғана емес, ТМД мен Орталық Азия шаһарларына да рейс ашу жоспары бар. Айта кетейік, қарапайым халыққа тиімді, билет құны арзан әрі қауіпсіз әуе қатынасын қалыптастыруды Елбасы тапсырған болатын.

Жанар Жайлауова, әуе компанияның маркетинг директоры:

– 29 наурыздан бастап билет сату басталды. 50 мыңдай билет сатылды. Оның 85 пайызы жол жүрумен ғана. Қарапайым халыққа мүмкіндік беріп жатыр. Мәселен Тараз бен Алматының ортасында билеттер 4 мыңнан басталады. Жүк – 5 кг. Нұр-Сұлтанға – 7 мың, Оралға – 12 мың теңге.

Бердіхан Ақмұров, әуе компанияның ұшу өндірісі жөніндегі директоры:

– Ұшқыштар көзқарасымен ешқандай айырмашылық жоқ. Айырмашылық орындықта. Біздің ұшақта – 180 орындық. Эконом класс болып табылады. Эйр Астанадан айырмашылығы, оның бизнес класында. Ұшу жағынан ешқандай айырмашылық жоқ.

Хабар 24 телеарнасы