378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-ның Саумалкөл ауылында көп қабатты үй халық игілігіне берілді

  • 101
  • UPD: 14:29, 02.05.2019
СҚО-ның Саумалкөл ауылында көп қабатты үй халық игілігіне берілді

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Саумалкөл елді мекенінде көп қабатты тұрғын үй халық игілігіне берілді.

Пәтер кілттері көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға және бюджеттік сала қызметкерлеріне салтанатты түрде табысталды. Осылайша барлығы 80 отбасы қоныс тойын атап өтті. Айта кету керек, бес қабаттан тұратын үй 20 жыл бойы қаңырап бос тұрған болатын. Осыдан екі жыл бұрын облыстық бюджеттен бұл мақсатқа  317 миллион теңге қаржы бөлініп, баспана қайта жөнделді. Айта кетейік, қазір Айыртау ауданында мыңға жуық адам пәтер кезегінде тұр.

Қауқар Тасболатова, қоныс той иесі:

- Семьямыз үлкен. Бала бар. Жетім бала өсірдім. Оның өзінің қызы бар. Ол тұрмысқа шығып,  бәріміз алты кісі тұрдық бір команатада. 9 жыл кезекте тұрдым.

Хабар 24 телеарнасы