378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстікқазақстандықтар cандық технологияға жаппай бет бұрды

  • 116
Солтүстікқазақстандықтар cандық технологияға жаппай бет бұрды

СҚО-да «Е-қылмыстық іс» бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, үстіміздегі жылдың төрт айы ішінде өңір полицейлері 500-ден астам жеңіл және орташа қылмыстық істі электронды форматта қарап, оның 218-ін сотқа жіберген. Жаңа жүйеде 200-ге жуық құжаттың арнайы шаблоны бар. «Осының арқасында жұмыс біршама жеңілдеді», – дейді тәртіп сақшылары. Сондай-ақ жәбірленуші, айыпталушы және адвокат істің қалай жылжып жатқандығын еркін бақылай алады. Ол үшін цифрлы қолтаңба болуы шарт. Тағы бір тиімді тұсы – істе бұрмалаушылық болмайды. Және ол жоғалмайды. Осылайша мамандар барлық жұмысты компьютердің көмегімен атқара береді.

Қайрат Қасенов, облыстық пд тергеу басқармасының аға тергеушісі:

– Қазіргі таңда тергеуші кабинетінен шықпай, барлық жұмысты жасай алады. Мысалы бұрын қылмыстық істі қарау үшін прокуратураға, сотқа бару керек болатын. 4 айдың ішінде департамент бойынша 516 қылмыстық іс электронды форматта тергелуде. Оның ішінде 218 қылмыстық іс сотқа бағытталды.

Хабар 24 телеарнасы