378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да этномәдени бірлестіктердің жұмысы сараланды 

  • 127
  • UPD: 15:05, 03.05.2019

Қазақстан халқы Ассамблеясының 27-сессиясында талқыланған мәселелер жергілікті жерлерде нақты жүзеге асуы тиіс.

Ол үшін осы қоғамдық институттың әрбір өңірдегі өкілдері жоба-жоспар жасауға кірісті. Шығыс Қазақстан облысындағы ұлттық-этномәдени бірлестіктер бас қосып атқаратын шараларын пысықтады. Өңірдегі 100-ден астам ұлт 126 ұлттық этно-мәдени бірлестік құрып, бәрі бірге жұмыс істейді. 9 кешкі мектеп ашылған. Онда әрбір ұлттың аға буын өкілдері жастарға өз ана тілдерін үйретеді. Облыстық «Достық үйіне» шоғырланған этномәдени бірлестіктер енді елге инвестиция тарту мәселесіне де атсалыспақ.

Элдар Төлеубеков, облыстық «Достық үйінің» директоры:

– Шығыс Қазақстанда Корея мемлекетімен тығыз жұмыс жасап жатырмыз. Биыл жазда корей бинесмендері инвестиция бойынша жиын өткізгелі отыр.

Хабар 24 телеарнасы