378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында ауыл халқының саны артты

  • 160
  • UPD: 13:58, 03.05.2019
Маңғыстау облысында ауыл халқының саны артты

Биыл Маңғыстау облысы тұрғындарының саны 3241 адамға көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте статистика департаментінің басшысы Римма Утюшева мәлімдеді. Қазір аймақта 681 469 адам тұрады. Оның 60 проценті ауылда, қалған 270 мыңы қалада шоғырланған. Еліміз бойынша бала туудан көш бастап тұрған Маңғыстау өңірінде биыл екі айда 3115 нәресте дүниеге келген. Туылған шақалақтың басым бөлігі - ер балалар. Өңірге көшіп келушілер саны да артып отыр. 5639 адам тұрақты тіркеуге тұрған. Иммигранттардың басым бөлігі Мұнайлы ауданында қоныстанған.

Римма Утюшева, облыстық статистика департаментінің басшысы:

– Қуанарлық жағдай, биыл былтырға қарағанда ажырасу дерегі 3 есе азайған. Мәселен, былтыр қаңтар-ақпан айларында 757 неке бұзылса, биыл отбасының ыдырауы 274-ке дейін төмендеген. Жыл басынан бері облыста 215 отбасы шаңырақ көтерді.

Хабар 24 телеарнасы