389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаттары Қостанай облысындағы өндіріс орындарын аралады

  • 416
  • UPD: 20:20, 03.05.2019
Мәжіліс депутаттары Қостанай облысындағы өндіріс орындарын аралады

Депутаттар аграрлық салаға қатысты заң нормаларының жергілікті жерде қалай жүзеге асып жатқанымен танысты.

Халық қалаулыларының бас тіреген нысандарының бірі – сүт өнімдерінің 70-ке жуық түрін шығаратын зауыт болды. Мұнда бүгінде 600-ге жуық адам еңбек етеді. Өндіріс барысы соңғы үлгідегі «ақылды» машинамен басқарылады. Кәсіпорын бес жыл бойы тауарын Ресейге экспорттап келеді. Былтыр сыртқы нарыққа жіберілген өнімнің үлесі 12 процентке артқан. Зауыт шикізатты жергілікті өндірушілерден сатып алады. Бұл сүт өндіретін шаруашылықтар мен ауыл тұрғындары үшін аса тиімді.

Мұрат Теміржанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мемлекеттік қолдауға келетін болсақ, мысалы жыл сайын ауыл шаруашылығы саласына 600 млрд теңге бөлінеді. Соның тең жартысы субсидия, яғни қайтарымсыз қаржы. Бұл өте үлкен көмек. Мұның бәрі бизнесті, соның ішінде ауылдық жердегі өндірісті дамыту үшін жасалып жатқан жұмыс.

Хабар 24 телеарнасы