378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбедегі зауыттың жұмысшылары қолжетімді несиемен баспана ала алмай жүр

  • 89
  • UPD: 20:30, 06.05.2019
Ақтөбедегі зауыттың жұмысшылары қолжетімді несиемен баспана ала алмай жүр

«Ақтөбе хром қосындылары» зауытының жұмысшы жастары қолжетімді несиемен баспана ала алмай жүр.

Өйткені алғашқы жарнаның жартысын бюджет субсидиялайтын бағдарламаға олар ілікпейді. Бұл жоба әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен мемлекеттік қызметкерлерге арналған. Зауыт жастары осы мәселеде көмек сұрап отыр. Базыналарын Мәжіліс депутаттары, Nur Otan партиясы фракциясының мүшелерімен кездесуде жеткізді. Депутаттар жұмысшылардың талап-тілектерін  жауапты мекемелерге жеткізуге уәде етті. Жалпы Хром қосындылары зауытында екі мыңнан астам адам еңбек етеді. Олардың басым бөлігі жастар. Депуттаттар бұдан әрі де аудандарды аралап, халықпен кездесті. Олардың айтуынша ауыл тұрғындары банк қызметіне жиі шағымданады. Көбісі несие алу жолдарын жеңілдетуді сұрайды екен.

Бейбіт Мамраев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

- Сол ауданның әкімдері бізбен бірге жүріп естіді. Кейбір мәселелер сол аяқ астынан шешіліп жатты. Бұл жерде тағы назар аударатын мәселе. Ол мына несие алу, кредит банкттерден. Сол жағынан кепілдеме меншік туралы, екінші деңгейлі банктер ауыл тұрғындарының залогын кейде жоғарпы бағаламай, уақытында несие ала алмайды.

Хабар 24 телеарнасы