379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отан қорғау қызметіне ұмтылған жастар саны артып келеді

  • 127
  • UPD: 14:01, 07.05.2019

Жас офицер Думан Әбдікәрімов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 44/736 әскери бөлімінде қызмет атқарады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Ол жыл қорытындысы бойынша үздік нәтижелерге қол жеткізіп, қорғаныс министрінің бұйрығымен мерзімінен бұрын аға лейтенант атағын алды.

Осыдан 4 жыл бұрын жоғары әскери оқу орнын бітіріп келген Думан бүгінде тәжірибелі офицер, талапшыл басшы. Бірнеше жыл арнайы мақсаттағы топтың командирі ретінде көптеген оқу-жиындар мен жарыстарда үздіктер қатарынан көріне білді. Биыл елімізде өтіп жатқан «Айбалта», Жаркент-2019 жаттығуларында да оның жігіттері топ жарды. Жақында полк командирі бұйрығымен жас сардар рота командирінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Думан Әбдікәрімов, аэроұтқыр ротасы командирінің орынбасары:

- Өзімнің әкем әскери қызметші болып Аягөз қаласында қызмет еткен. Жастық шағымнан әскери киім киіп, әскери атақ алып, генерал болайын деген арман болатын. Әкемнің тәрбиесі болғаннан кейін, мен жастайымнан бірге жүгіріп, қасында дайындалып, тәрбиесін көрдім.

Барлаушы тәуліктің қай сағатында болсын кез келген тапсырманы орындау үшін сақадай сай болуы тиіс. Сондықтан мұнда сайдың тасындай алдын ала іріктеуден өткен жігіттер қызмет атқарады.

Кешегі даңқты партизан, Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтің өнегелі жолын көкейлеріне оқып-тоқып үйренген бүгінгі тәуелсіз қазақ елінің барлаушылары кез келген әскери тапсырмаларды ойлы, қырлы, өзен-көлде, тіпті таулы-тасты жерде орындауға дайын болуы тиіс. Сондықтан олар осындай күрделі жаттығуларды күнделікті өткізумен болады.

Рустам Буденов, 44736 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

- Барлаушы болу үшін әрдайым өзінің дене даярлығы жоғары болуы керек деп санаймын. Себебі біз күн демейміз, түн демейміз, әр уақытта әскери дайындығымызды жоғары мақсатты ұстау үшін біз кенеттен жаттығуларға қатысамыз, ойы да зерек болуы керек, шапшаң болуы керек. Бәрі жан-жақты болуы керек.

Міндет. Абырой. Ерлік. Бүгінде осы бір қасиетті ұғымдарды қастерлеп, қазақ елінің тыныштығы мен Отан қорғау қызметіне ұмтылған жастар саны артып келеді. Мемлекет те олардың заманға сай әскери қару-жарақтармен жабдықталып, әлеуметтік жағдайлары жоғары деңгейде болуын үнемі назарда ұстайды. 

Авторлары: Болат Көкенайұлы, Медет Өмірханов, Берік Жобалайұлы

Хабар 24 телеарнасы