378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арал ауданында ауыз суды үнемдеу үшін жапондық технология қолданылады

  • 97
  • UPD: 11:40, 08.05.2019

Арал теңізін қалпына келтіру өзекті мәселе. Шалқып жатқан шалқар теңіздің суы ернеуінде ғана қалды.

Айнала ақ тұздың алқабына айналды. Аралдан ұшқан ақ тұз Антарктидаға жеткенде тұтас әлем дабыл қақты. Мамандар Аралды құтқаруға күш салып жатыр. 

2005 жылы Сырдария өзеніндегі Көкарал су бөгеті салынғанда балықтар өтетін құбырлар ескерілмеген. Салдарынан 2015 жылы мыңдаған тонна балық қырылды. Бұл қолдан жасалған апат балық популяциясына орасан зор нұқсан келтірді. Ал енді халықаралық қор  бұл экологиялық ахуалды оңтайлы шешпек. Ол үшін Германиядан инвестиция тартқан. Құны  300 мың еуро болатын жобаны сәтті іске асыру үшін еліміздегі балық шаруашылығы институтымен ақылдасып, қондырғылар орнатты.

Досжан Нұрбатыров, Халықаралық Аралды құтқару қорының департамент басшысы:

- Үлкен балықтар да 20-30 см балықтар, майшабақтарды да бәрін ескереді. Бұл гидроакустикалық метод дейді. Сонда балықтар жоғарғы биофке қондырғы тартылады. Содан 15 нүктеден гидроакустика дыбыстар беріледі. Соған балықтар жақындамайды. Төмен қарай сырғып кетуі жойылады балықтар аман-есен қалады.

Өткен жылы жазда Арал теңізінің құрғақшылық жайлаған табанынан мыңдаған тонна тұз аспанға көтерілді. Ауаға араласқан тұз шығыстан соққан желдің екпінімен Өзбекстанның батыс аймағын түгелдей басып, Каспий теңізіне дейін жеткен. Бұл жағдай Орталық Азия елдерін алаңдатты. Қазақстан тарапы БҰҰ даму бағдарламасы арқылы теңіздің суы тартылған жеріне көшет егу жұмыстарын жалғастырды. 

Марат Нарбаев, Халықаралық Аралды құтқару қоры директорының орынбасары:

- Қазіргі уақытта теңіздің құрғақшылық жайлаған жеріне 300 мың гектар көшет егілді. Болашақта бұл жұмыс жалғасады.

Теңіз жағалауында жасыл белдеу қалыптастыру мен  аймақта экологиялық ахуалды жақсарту бағытында игі бастамалар бар. Қазіргі уақытта Аралды құтқару халықаралық қоры Қазалы мен Арал аудандарының кейбір елді мекендерін  ауыз сумен қамтамасыз етті. Бұған қоса су сапасын жақсарту мен суды ысырап қылмау жөнінде Оңтүстік Корея және Жапония елдерінің жаңа технологияларын игеру жобасы бар.

Авторлары: Алмас Садуақас, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы