389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттік сарапшылар сайлаудың ерекшеліктерін талқылады

  • 390
  • UPD: 23:36, 08.05.2019
Шымкенттік сарапшылар сайлаудың ерекшеліктерін талқылады

Шымкентте бас қосқан сарапшылар бұл жолғы Президент сайлауының ерекшеліктерін талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бұл саяси науқан еліміздің демократиялық құндылықтарына сай өтеді. Әрі қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық саяси әлеуетті бір арнаға тоғыстырады», – дейді басқосуда сөз алғандар. Олардың пікірінше, бұл жолғы саяси науқанда жастардың белсенділігі ерекше болмақ. Себебі кейінгі буын қазір ғаламторды жиі қолданады, әлеуметтік желіні әбден меңгерген.

Айгүл Қапбарова, ҚР Журналистер одағы қалалық филиалының төрайымы:

- Сайлау науқаны барысында, үгіт науқаны кезінде барлық әріптестерімді сайлау заңдылықтарын сақтауға шақырамын. Бұрын-соңды Шымкент қаласында БАҚ өкілдері тарапынан сайлау заңнамасын бұзу фактілері болмаған. Белсенді әлеуметтік желі қолданушыларын зерттеген кезімізде олардың әрқайсысы сайлау барысы басталғалы бері кемінде 2-3 посттан жазған коментарий білдірген. Олардың сайлауға деген шынайы көзқарасын білуге болады.

Хабар 24 телеарнасы