378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы Жарма ауданында көзі тірі жалғыз ардагер бар  

  • 93
ШҚО-дағы Жарма ауданында көзі тірі жалғыз ардагер бар  

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында көзі тірі жалғыз соғыс ардагері қалды.

93 жастағы Наил Загидуллин 1943 жылы майданға шақырылып, Жапонияға қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан. Жауды жеңіп келген ол осы өңірдегі Балажал, Бөке кеніштерінде еңбек майданына араласып, елге адал қызмет атқарды. Қазір күніне 3 шақырым жолды жаяу еңсереді екен. Өскелең ұрпақпен кездесулерге жиі барып тұрады. Жергілікті әкімдік те қарт майдангерге жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Биыл аудандағы 414 тыл ардагеріне де сый-сияпат жасау үшін қазынадан 5 миллион теңгеден артық қаржы бөлініпті.

Ахметқали Нұрғожин, Жарма ауданының әкімі:

– Атамыздың өтініштері көп жоқ екен. Үйіне құрылыс жағынан көмектесіп, шатырын ауыстырып береміз. Моншаға жөндеу жүргіземіз. Атамызды күнде қарап, керек нәрселерін жеткіземіз.

Хабар 24 телеарнасы