378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында есірткі сатумен айналысқан 50-ге жуық адам жауапқа тартылды

  • 72
  • UPD: 12:33, 11.05.2019
Атырау облысында есірткі сатумен айналысқан 50-ге жуық адам жауапқа тартылды

Атырау облысында жыл басынан бері есірткі саудасымен айналысқан елуге жуық азамат жауапқа тартылды.

Ал осы мамыр айының өзінде трамадол, тропикамид секілді тек дәрігердің арнайы рұқсатымен берілетін дәрі-дәрмектерді заңсыз сатып жүрген алты адам ұсталды. Мамандардың айтуынша, бұл дәрілердің құрамында кадеин бар. Заңды түрде шектеу қойылмағанымен дәрі көлемін әдейі артық қолданған адам наша қабылдағандай күйге түседі.  Бұл  жағдай әсіресе жастар арасында өршіп тұр дейді тәртіп сақшылары. Сондықтан қазір облыс аумағындағы барлық дәріханалардың қызметі полицейлердің жіті бақылауында. Дегенмен, қауіпті есірткі заттары өзге облыстан келетін делдалдар арқылы тасымалданады, өкінішке орай олар айыппұл төлеумен ғана құтылады екен.    

Роман Ермұқанов, облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының орынбасары:

-  Ұсталғандарға ҚР Әкімшілік Кодексінің  424 бабының 1-тармағы бойынша айыппұл салынады. Аталған дәрі-дәрмектерге заң жүзінде шектеу қойылмағандықтан тек әкімшілік жазаға тарта аламыз. Қазіргі жағдайда бұл заңсыз медициналық қызметпен айналысқанына байланысты жауапқа тартылады.

 

Хабар 24 телеарнасы