378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында Батыс Еуропа - Батыс Қытай автожолы жөнделеді

  • 95
Жамбыл облысында Батыс Еуропа - Батыс Қытай автожолы жөнделеді

Жамбыл облысында Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомагистралы жөнделеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған республикалық бюджеттен 1,9 миллиардқа жуық теңге бөлінді. Күре жолдың Алматы-Ташкент-Термез бағытындағы бөлігі тозып, көпірлердің сапасы нашарлаған. Ол қозғалыс қауіпсіздігіне кері әсерін тигізіп отыр. Мамандар оны көлік нөпірінің артуымен байланыстырады. Бүгінгі күні облыс арқылы тәулігіне 9 мыңға тарта көлік өтеді. Оның 60 проценті – ауыр жүк тасымалдайтын транзиттік машиналар. Қазір халықаралық жолдағы үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында Малдыбай өткеліндегі көпір жабындысын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Нұрбол Мыңжасаров, «Қазавтожол ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры:

– Қазіргі таңда 3 көпірді соғып жатыр. Бұл көпірлердің қауіпсіздікке байланысты жүруі қазіргі таңда нашарлаған соң орташа жөндеу жүргізіп жұмыстар атқарылып жатыр. 2009-2015 жылдары Батыс Еуропа – Батыс Қытай соғылған кезде алты жарым, жеті мыңға жуық машина жүретін еді. Қазіргі таңда тәулігіне 1600-1800 машинаға көбейді.

Хабар 24 телеарнасы