378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында балық аулауға тыйым салынды

  • 99
  • UPD: 18:10, 12.05.2019
Павлодар облысында балық аулауға тыйым салынды

Павлодар облысының су қоймаларында балықтардың уылдырық шашу маусымы басталуына байлансты оларды аулауға тыйым салынды.

Бұл туралы Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының балық шаруашылығы бөлімі хабарлады.  

Тыйым салу шарасы балықтардың уылдырық шашу маусымының келіумен байланысты болып отыр. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті төрағасының міндетін атқарушы осындай бұйрыққа қол қойды.

«Тыйым салу шарасы 1 наурыз және 15 маусым аралығына жоспарланған. Осы уақытта облыстың су қоймаларындағы жәндіктерді қоректендіруге байланысты шаралар атқырылады» деп толықтырды бөлім қызметкерлері.

pavlodarnews.kz

Хабар 24 телеарнасы