378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат спикері елордада ғылыми жобалармен танысты

  • 74
  • UPD: 23:31, 14.05.2019

«Ғылым қоры» акционерлік қоғамы толыққанды инвестор ретінде жұмыс істеуі қажет».

Бүгін сенат спикері Дариға Назарбаева осы саладағы жобаларды қаржыландыруға жауапты мекеме жетекшілеріне тиісті міндет жүктеді, деп хабарлайды «Хабар 24». Жоғарғы палата төрағасы елімізде «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциализациялау туралы» арнайы заң бар. Ғылым қоры соған сәйкес әрбір бизнес жобаны бағалап, меншігіне алып, тіпті пайда табуы тиіс. «Мұның ғалымдар мен кәсіпкерлерге пайдасы мол», – дейді. Кездесуде Сенат депутаттарына ғылыми зерттеулердің нәтижелері баяндалды. Соның ішінде ұзақ өмір сүруге көмектесетін азық-түлік түрлері, медицина саласындағы генетикалық сынама қызметтері және жылыжайды жарықтандыру  құралдары сынды жаңа жобалар бар.

Айта кетейік, «Ғылым қорының» міндеті – тың ізденістерге қаржы көздерін тауып, нәтижелі жүзеге асуына атсалысу. Осы ретте Дариға Назарбаева жобаларды маркетингтік тұрғыда насихаттауға баса мән беру қажеттігін ескертті.

Хабар 24 телеарнасы