389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымы студентке үй алып берді

  • 381
Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымы студентке үй алып берді

Қасиетті Рамазан айында ізгі шарамен жүректерді жылытып жатқан жандар аз емес.

Солардың бірі – Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымы. Олар бірнеше жыл жинаған қаржысына жетімдіктің тауқыметін көріп өскен студентке баспана кілтін табыс етті. Ұстаздар осыдан 6 жыл бұрын ата-ана қамқорлығынсыз қалған екі баланы таңдап алып, арнайы ашылған шоттарына ақша аударып отырған. Кәмелеттік жасқа толған кезде бұл қаржыға баспана сатып алынады. Аягөз қаласындағы политехникалық колледжде бағдарламашы мамандығын оқып жатқан Еркежан Ерсінқызы үшін бұл күтпеген жаңалық болды.  

Бағдан Тоқтамысұлы, Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры:

– Ата-ананы айырбастай алмасақ та, Еркежанға біздің ұжым туыс сияқты. Үлкен табыс тілейміз. Үйі берекелі болсын. Тағы бір бала бар, қаражат аударып отырмыз. Ол бала биыл 15 жаста. Енді 2-3 жылдан кейін ол балаға да пәтер алып бермекшіміз.

Хабар 24 телеарнасы