389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттегі орталық мешітте тігін курсы ашылды

  • 696
Шымкенттегі орталық мешітте тігін курсы ашылды

Қасиетті Рамазан айында Шымкенттегі орталық мешіт ұжымы игілікті іске бастамашы болып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда нәзікжандыларға арналған тігіншіліктің қыр-сырын үйрететін курс ұйымдастырылмақ. Ал тігілген киімдер мен бұйымдар мұқтаж жандарға қайырымдылық ретінде тегін таратылады. Қолөнеріне қажетті құралдар мен 15 тігін машинасын демеушілер алып берген. «Тігіншілік курсына қолынан іс келетін кез келген әйелге қатысуға болады. Аналарымыз бен қыз-келіншектерімізге пайдалы деп сенеміз», – дейді игі шараны ұйымдастырушылар. Әуелі мұнда 30 шәкірт білім алып, оларға сертификат табыстау жоспарланған. Әзірге бұл бастама Шымкенттегі бір ғана мешітте қолға алынып отыр.

Балжан Досжанова, ҚМДБ Шымкент қаласы өкілдігінің әйелдер бөлімі жетекшісі:

– Тек қана құран оқу ғана емес, қосымша тігін курсын ашуды ұйғардық. Тігін – барлық әйел баласына қажетті дүние. Ішіндегі дұрыс киімдерді қайырымдылық ретінде таратып береміз. Кейбір кездерде жәрмеңке жасап, сатып, шығындарымызды мата-жіптер аламыз.

Хабар 24 телеарнасы