389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау 2019: Шымкентте «Аманат» азаматтық алаңының баспасөз жиыны өтті

  • 757
  • UPD: 22:51, 16.05.2019

Шымкентте «Аманат» сайлауға мониторинг жүргізу азаматтық платформасының баспасөз жиыны өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда азаматтық алаңның мақсаты, мен сайлаудың әділ өтуі үшін қолға алынған жұмыстар сөз болды. Мәселен, белсенділерден тұратын тәуелсіз еріктілер бірлестігінде мобильді капитандар таңдап алынған. Бүгін олардың жұмыс бағыты айқындалып, сайлау үшін қажетті жағдай жасаудың бес негізгі бөлігі түсіндірілді. Барлық қатысушыларға «Бақылаушы қойын дәптері» мен «Аманат» сарапшылары дайындаған «Сайлаушылар естелігі» табыс етілді. Жиында сөз алған республикалық «Аманат» азаматтық платформасының штаб басшысы Лима Диас, штаб мүшесі Мұсағали Дуамбеков алғаш рет дауыс беретін жас сайлаушылардың құқықтары мен міндеттері жөнінде баяндады.

Мұсағали Дуамбеков, республикалық «Аманат» азаматтық платформасының мүшесі:

– Сайлауға бақылаушыларды дайындап, оның нәтижесін шығаруға өздерінің үлесін қоссын деп жасалынған дүние. 10 мың учаскеге бақылаушыларды дайындау оңай шаруа емес. Бірақ біз соған бел буып келісіп отырмыз. Бұл сайлау бізге қажет.

Хабар 24 телеарнасы