378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сапасыз бюджеттік есептің салдарынан 138 млрд теңге тиімсіз пайдаланылған 

  • 88
  • UPD: 07:37, 17.05.2019

Былтыр сапасыз бюджеттік есептің салдарынан 138 млрд теңге тиімсіз пайдаланылған.

Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 3,7 есе аз көрсеткіш. Оның 26 млрд теңгесі қаржылық бұзушылықтарға тиесілі. Бұл мәліметтер Парламент Мәжілісінің былтырғы республикалық бюджеттің орындалуына арналған отырысында айтылды. Тексеріс қорытындысы бойынша қателіктер ескеріліп, шығындардың барлығы толық өтелген.

Наталья Годунова, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы:

– 27 жыл бойы бухгалтерлік есеп мәселесін дұрыс шеше алмай келеміз. Қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу керек деген ойдамыз. Нақтырақ айтқанда заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту, тиімсіз жоспарлау, бюджет қаржысы мен мемлекет активтерін тиімсіз қолдану бойынша өзгерістер қажет.

Хабар 24 телеарнасы