378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда «Смарт сити» аясында жүзден астам жоба жүзеге асырылып жатыр

  • 121
  • UPD: 11:29, 17.05.2019

Біздің елде ақылға құрылған бастамалар жайында не білеміз? Мысалы, Оралда «Смарт сити» аясында жүзден астам жоба жүзеге асырылып жатыр. Жуырда барлық коммуналдық қызметтердің ортақ байланыс жүйесі жұмысын бастады. Мақсат - қала тұрғындарының тұрмысын барынша оңтайландыру. Бастапқы кезеңде су арнасы, электрмен қамту, пәтер иелері кооперативтері секілді 7 түрлі коммуналдық қызмет біріктірілген. Цифрландыру саласындағы өзге де жаңалықтармен сол өңірдегі әріптесім танысып қайтты.  

Жедел басқару орталығындағылар көшедегі қозғалысты тәулік бойы бақылай алады. Қаланың небір қалтарысы мен бұлтарысы жүздеген камераның ұдайы назарында. Ережені жиі бұзатындар осы жағын ескеріп жүргені жөн,- дейді полицейлер.

Саттар Еспеков,  облыстық пд жедел басқару орталығының инспектор кезекшісі:

- Мынау қазіргі жағдайда Абай алаңын көріп отырмыз. Басты көшеде адамдар, жол кептелісі ондай ешеңе жоқ болған жағдайда радиостанциямен шығып партулдік экипаждарды жібереміз, тез арада баруын қадағалап отырамыз. 

Арман Елеуов,  облыстық ПД штаб басқармасының аға инспекторы:

- Ағымдағы жылдың 4 айында жедел басқару орталығына 102 арнасы бойынша 40 189 хабарлама келіп түсті. оның ішінде 2 мың 742-сі қылмыспен байланысты оқиғалар. Осы бейнекамералардың көмегімен 28 қылмыс ашылып, 4578 әкімшілік құқық бұзышулық анықталды. 

Тұрғындардың тұрмысын жеңілдетуде мобильді қосымшалардың көмегі ұшан-теңіз.  Мәселен, Денис Пузан есімді мына жігіт дәрігерге ұялы телефон арқылы алдын-ала жазылып, демалысты да сәтті жоспарлаймын дейді.

Денис Пузан, қала тұрғыны:

- Мен күнделікті 30 шақты қызмет түрін қолданамын. Мәселен, мына «Смарт Орал» қосымшасының көмегімен әуе және темір жол билеттерін сатып аламын. Өзімнің сайлау учаскем туралы ақпарат та осында. Ауа-райы, автобустардың жүру кестесі туралы мәліметтер де қолжетімді. 

Талғат Серікқалиұлы, тілші:

- Коммуналдық қызметке қатыты сауалдармен айналысатын «iKomek 109» байланыс орталығы жуырда ғана іске қосылды. Қазірдің өзінде орталыққа 2 мыңдай қала тұрғыны хабарласқан. Басты мақсат – халықтың алтын уақытын үнемдеу дейді мамандар.

Сәкен Нұртазаев,  облыстық цифрландыру басқармасының басшысы: 

-  Бұл жобаның ерекшелегі коммуналдық қызметтерге хабарласу үшін тұрғындарға оңай, жеңіл, қолайлы жағдай жасау. Мысалы бұрын жылу су қуат мәселесі үшін 10 шақты нөмір болатын. Қазіргі таңда тек қана 109 байланыс нөмірі, сол нөмірге хабарлассаңыз сіздің мәселеңізді шешуге болады. 

Болашақта бұл «ай Көмек» 109 байланыс орталығына қаладағы өзге де қызметтерді қосу жоспарланып отыр.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы