380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматының «Оңтүстік» саябағындағы жөндеу жұмыстары өткен жылдан бері аяқталмаған

  • 135
  • UPD: 20:19, 18.05.2019

Алматының орталығында орналасқан «Оңтүстік» саябағында өткен жылы басталған жөндеу жұмыстары екі аптадан кейін аяқталуы тиіс еді.

Алайда қала тұрғындары оған сенбей отыр. 

Алуа Махамбет, тілші:

- «Уақытша келеңсіздіктер үшін кешірім сұраймыз» деген мына ескертпенің тұрғанына да бір жылдан астам уақыт болды. Мұндағы шашылып жатқан тастар мен әлі де толығымен орнатылмаған  шамдарға қарап жөндеу жұмыстарының таяу арада бітуі шынында күмән тудырады.

Таир Жароков көшесінің бойындағы бұл саябақтағы күрделі жөндеу жұмыстары өткен жылдың сәуір айында басталып,  тапсырыс беруші мен мердігер компания арасындағы келісім шарт бойынша желтоқсан айында аяқталуы тиіс болатын.

Халида Ажбенова, қала тұрғыны:

-барлық жерді қазып тастады. Су жүрмей қалды  анау барлық ағаштарға. Суды алып тастады, жолдың барлығын  қазып тастады. Жарайды, біз  оған көндік ғой, жарайды  істейді, жақсы енді деп.  Бірақ, декабрь де өтті,  әні-міне 2019 жылдың  жартысы болды бір де жұмыс аяқталған жоқ. Барлығы қалай басталды, солай жатыр. 

Сәулетшінің ұсынған бас жобасына қала бюджетінен  1 млрд 300 млн теңге қарастырылыпты. Алайда бұл жоба осы маңдағы тұрғындардың көңілінен шықпаған соң жоба қайта қарастырылып,  жөндеу жұмыстары өткен жылы тек қыркүйек айында басталған. 

Айдын Темешов, қалалық жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары:

- Биыл да жұмысты толығымен басталған жоқ, себебі, бірінші себеп,  бұл ауа-райы болды. Наурыз-сәуір айы толықтай жаңбыр жауды. Мына саябақтың ішінде балшыққа түнде температура  төмендеп, кейбір технологиялық процесттерге бұл өзінің бір зиянын келтіріп тұрды да, содан кейін бұл жұмыс басталған жоқ болатын.

Ұзаққа созылған жөндеу жұмыстары мен күтім болмағандықтан саябақтағы ағаштардың қурап бара жатқанын айтып, тұрғындар қалалық Қоғамдық Кеңеске шағым жолдаған.  

Сергей Пономорев, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі:

- әрине, ауа-райының қолайсыздығы әсер еткені рас, бірақ жұмыстың жүргізілу сапасы да өте нашар. Мысалы, шамдардың бағаналары, қоқыс жәшіктері, орындықтар сапасыз орнатылған. Демек, бір жұмыстың екі рет жасалынатыны анық.

Біздің түсірілім тобы келеді деген хабар жетісімен саябақта тіршілік пайда болғандай. 14 гектар жерді алып жатқан саябақтағы арықтардан бүгін су жүре бастады. Әкімшілік өкілдері, мұнда тағы 1000 тұп ағаш отырғызатындарын айтты. Бірақ, жөндеу жұмыстары тағы бір айға шегерілді. 

Айдын Темешов, қалалық жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары:

- Қазір біз мердігермен, бас мердігермен одан нақты жұмыс кестесін талап етіп отырмыз, алып отырмыз. Маусым айының аяғына дейін  бітір деген талап қойып отырмыз.

Тапсырыс беруші мен тендерді ұтып алған мердігер компания  «бұл жолы уәделеріне берік боламыз» деп сендірді.

Авторлары: Алуа Маханбет, Ерлан Әбжанов

Хабар 24 телеарнасы