383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазақтелеком» АЭФ аясында панельдік сессия өткізді

  • 187
  • UPD: 22:10, 18.05.2019

Ақылды қалалар – цифрлық экономиканың өзегі. Осындай атаумен Астана экономикалық форумында панельдік сессия өтті.

«Қазақтелеком» компаниясы ұйымдастырған жиында қалаларды басқаруды дамыту, тың технологиялардың экономикаға әсері және еліміздегі смарт-сити жобасының жүзеге асуы сынды өзекті тақырыптар талқыланды.

Ақылды қалалар – дамыған елдерде жиі талқыланатын тақырыптардың бірі. Сақа сарапшылар биыл да бұл мәселені терең қаузады. Астана экономикалық форумында өткен панелдік сессияда қалаларды дамытуға бағытталған тың жобалар тілге тиек етілді. Мамандар «Смарт Ақкөл» жобасын көпке үлгі қылып көрсетті.     

Нұрлан Мейірманов, «Қазақтелеком» АҚ инновациялар жөніндегі басқарушы директоры:

– Жиында бірнеше инновациялық жобаны көпшілік назарына ұсындық Олардың арасында ақпарат алмасу, қауіпсіздікті нығайту, тұрғын үй шаруашылығындағы кейбір түйіткілдерді шешу сынды жобалар бар. Сондай-ақ біз 5G технологиясын Қазақстанда қалай қолдануға болатынын көрсеттік.

Цифрлық технлогиялар қордаланған көп мәселені шешуге мүмкіндлік береді. Мәселен, ақылды қалалар қылмыс деңгейін 30%-ке, ауру көрсеткішін 15%-ке және төтенше жағдайларға төтеп беруді 35%-ке төмендетуге септеседі. Смарт-технологиялардың артықшылығын Токио, Стокгольм, Сингапур, Гонконг және Мәсекеу сынды ірі шаһарлар сезініп үлгерген.    

Александр Горбатько, Мәскеу ақпараттық технологиялар департаменті басшысының орынбасары:

- Мәскеуде күніне 7 миллионға жуық адам электрондық сервистердің көмегіне жүгінеді. Цифрлық технлогиялар білім беру, денсаулық сақтау және көлік-логистика салаларында кең қолданысқа ие. Осы жобаларды жүзеге асыру арқылы тұрмысты жеңілдетіп, шығындарды зайтуға мүмкіндік алдық.   

Жиын соңында мамандар «ақылды қалалар» жобасы Қазақстанда бірте жүзеге асырылып жатқанын айтты. Қазірдің өзінде біздің ел инновациялық шешімдердің арқасында қауіпсіздік мәселесінде, денсаулық сақтау мен уақыт үнемдеу тұрғысында біраз жетістікке жетіп жатыр.

Авторлары: Дастан Сейілханұлы, Ербол Дайыров

Хабар 24 телеарнасы