Түркістан облысында қуаты 14 мВт болатын күн электр станциясы іске қосылады
- 1341
- UPD: 11:33, 20.05.2019

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласына арнайы жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Алдымен аймақ басшысы Ақдала ауылдық округіндегі «Қазына жер LTD» ЖШС-не аялдады. Сүт өндірумен айналысатын серіктестік 2012 жылы құрылған. Мекеменің иелігінде 2858 гектар жері бар. Фермада голштин-фриз тұқымды 1200 бас ірі қара бағылуда. Әр сиыр тәулігіне 26 литрге дейін сүт береді. Мұнда 52 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Сондай-ақ, облыс әкімі Арыс қаласында орналасқан «Арыс минералды су» ЖШС-не барды. Алкогольсіз сусындар шығаратын серіктестік 2018 жылы құрылған. 1 гектар аумақта орналасқан жобаның инвестициялық құны 250 млн теңге. Цех жылына 18 млн литр су шығаруға қауқарлы. Мекеме басшысы алдағы уақытта тәтті сусын түрлерін шығаруды жоспарлап отыр.