382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау 2019: Қазақстанға халықаралық байқаушылар келді

  • 222
  • UPD: 07:45, 21.05.2019

Елімізге халықаралық байқаушылар келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар еліміздегі Президент сайлауына дайындық барысын бақыламақ. Қазір осыған байланысты облыстарда оқу семинарлары өтіп жатыр. Бұл жолғы жиын Петропавлда ұйымдастырылды. Өңірде саяси науқан кезінде 663 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 407 мыңнан астам дауыс берушінің тізімі түгенделді. Семинарда сайлау комиссияларының мүшелері дайындық шаралары бойынша сұрақтарын қойып, сарапшы мамандардың жауабын алды.

Сәбила Мұстафина, ҚР орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

– Аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерін жинап, сайлау заңының өзгерістерін айтып, сұрақтарына жауап беруіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы