380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Аманат» платформасы мүгедек жандармен бірлесіп сайлау учаскелерінің әзірлігін тексерді

  • 172
  • UPD: 20:24, 21.05.2019
«Аманат» платформасы мүгедек жандармен бірлесіп сайлау учаскелерінің әзірлігін тексерді

Алматыда «Аманат» азаматтық платформасының мүшелері қалалық мүгедектер қоғамы басшыларымен бірге сайлау бөлімшелерінің әзірлігін қарап шықты.

Алматыда 40 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оларға сайлау бөлімшелері мен дауыс беретін орындардың қолайлы болуына қазір барынша көңіл бөлініп отыр. Естеріңізге салайық, «Сайлау туралы» заңға былтыр мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде  өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Мамандар аралап көрген 159-сайлау бөлімшесінің дайындығы ұйым мүшелерінің көңілінен шықты. Мұнда зағип жандар мен есту қабілеті нашар еститіндерге және қол арбамен жүретіндерге барынша жағдай жасалған. 

Әли Аманбаев, қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы:

- Біз ерекше қажеттілігі бар адамдарды шақырып аламыз да егер ол қолжетімді болмаса, оларға қиянат жасаймыз. Олар қиналады. Соны қарап отырмыз. Әзірше бүгін мен ризамын  әрине 100 пайыздай өмірде жасай алмайсың қол жетімді етіп. Бірақ мына қазіргі жасап отырғандарға олар өз даусын еркін барып жасап дауысын береді деген үміттемін.

Хабар 24 телеарнасы