389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бала күнінде аяқ пен қолдан айырылған жігіт жүзу спортынан әлемді бағындырды

  • 602
  • UPD: 15:44, 23.05.2019

Бір қол, бір аяқсыз бүкіл әлемді жүзу спортымен бағындырған бірегей чемпион. Бұл атыраулық Ержан Сәлімгереевтің жетістікке толы өмір жолы.

Тағдырдың кермек дәмін ерте татқан жалынды жас өзінің қатарластарынан оқ бойы алда келеді. Жігерлі азаматтың еселі еңбегі еленіп, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына енді. 

9 жастағы ойын баласы Ержан абайсызда токқа түскен. 3 мың вольттық  электр қуаты оны бір қолы мен бір аяғынан аяғынан айырды. Ол өзінің қайсар мінезінің арқасында барлық қиындықтарды еңсерді. Ержан өзін ешкімнен кем санамайды, адамның сырт бейнесі, мүмкіндігі шектеулі болғанымен, ең маңызды нәрсе ол ішкі жан дүниесі дейді.

Ержан Сәлімгереев, халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

- Жан-жақтан бәрі қолдау көрсетіп жатқанда мен неге артқа қарай шегінуім керекпін. Керісінше сол кісілердің сөздері маған күш-жігер береді. Осы еліміздің абыройын асқақтатып жүргеніме өте қатты қуаныштымын. Жігіттерге де айтарым еліміздің еңсесі тік болуы үшін бәрімізде өзіміздің қолымыздан келгенше күш-жігерімізді аянбай осылай еңбектенуіміз керекпіз, тек қана алға қарай ұмтылу керек.

Саңлақ спортшы күн сайын  екі сағатын жаттығуға арнап, үш шақырымға дейін жүзеді. Жеке бапкері де рухы биік жігіттің мұндай табандылығы мен өзіндік жүзу мәнерін   жоғары бағалайды.   

Нұрлан Жұмағазиев, жоғары санатты бапкер:

- Ержан қолым ауырып немесе аяғым шаршап қалды деген сөздерді мүлдем айтпайды. Ержаннның ерекшелігі жүзуде спринт дейді қолын өте жоғары темппен бір қалыпты айналдырып, 50 мертлік қашықтықта жоғары нәтижеде көрсетіп жүр өзін. 

Ержанның жүзу спортымен шұғылданғанына 6 жылға жуықтады. Осы уақыт ішінде ол 9 мәрте Қазақстан чемпионы атанып, 4 рет Әлем кубогын иеленді. Сондай-ақ Параазия ойындарында 2 алтын медальды қанжығасына байлады. 

Ержан Сәлімгереев, халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

- Еркінқала ауылында спорттық нысан салып болашақ чемпиондарды тәрбиелеу. Енді ол жерде ауылдық жерлердегі жастарды қолдау керек. Биыл жастар жылы деп жарияланғаннан кейін, мүмкіндік туғызып керек деп ойлаймын өзім. Осындай жетістікке жеткеннен кейін артымда өсіп келе жатқан інілеріме, бауырларыма жол ашу мақсатым. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін жақсарту мәселесі жөнінде де ойластырып жүрмін.

Бүгін Ержан Италия мен Германияда өтетін әлем кубогіне аттанып кетті. Алда Малайзия мен Жапония елдеріндегі жарыстар да күтіп тұр. Атап айту қажет, бұл спорттық додалар келер жылы Түркияда өтетін Параолимпиада жолдама беретін жарыстар. Ал Ержанның арман-мақсаттарының бірі Олимпиада чемпионы атану.    

Авторлары: Бекен Әлирахым, Темірлан Сұлтанғазы, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы