378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада дәрі нұсқаулықсыз сатылмайды

  • 189
  • UPD: 23:03, 23.05.2019
Елордада дәрі нұсқаулықсыз сатылмайды 56orb

Әр азамат өздігінен емделмей, дәрігердің нұсқауына құлақ асуы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір елімізде 8 мыңнан астам дәрінің 70 проценті дәрігердің рецептімен босатылады. Қалғанына нұсқаулық қажет емес. Былтыр дәріханадан дәрі сату ережелері бұзылып, жалпы көлемі 20 миллион теңге айыппұл салынған. Енді науқасқа берілетін дәрілерді алу жүйесі автоматтандырылып отыр. Аталған бастама өздігінен емделуді, қатты әсер ететін дәрілік препараттарды бақылаусыз қабылдауды болдырмауға негізделген.

Ералы Нұрғазин, қалалық Фармация комитеті департаменті басшысының міндетін атқарушы:

- Елордада «Астана денсулықты таңдайды!» атты жоба іске асып келеді. Соның негізінде рецепт бойынша дәрі-дәрмектерді сату, сақтау мәселелерін тұрғындарға жан-жақты түсіндіреміз. Автоматты жүйенің артықшылықтарын насихаттаймыз. Нәтижесінде емханалардағы кезекке тұру төмендеп, қағазбастылық қысқарды.

Хабар 24 телеарнасы