389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғылыммен айналысатын жастарды қолдауға бюджеттен 3 млрд теңге бөлінді

  • 489
  • UPD: 22:50, 23.05.2019
Ғылыммен айналысатын жастарды қолдауға бюджеттен 3 млрд теңге бөлінді

 Бұдан бөлек, жас кәсіпкерлерге қосымша 15 мың грант пен қолжетімді несие берілмек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл Елбасы жариялаған Жастар жылында атқарылатын көп жұмыстың бір парасы. Арнайы Жол картасы әзірленіп, басым 5 бағыт анықталды. 1000 жасты баспанамен қамту бағдарламасы бір төбе. Алғашқы пәтерлер Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында беріледі. Ізімен өзге өңірлерде де жастарға арналған үйлер салу жоспарда бар. Одан бөлек, «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 15 мың жас ауылдарға жұмысқа жіберіледі. Оларға 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бірреттік жәрдемақы беріледі. «Жастар тәжірибесі» жобасымен жұмысқа орналасқан түлектерді қолдауға тағы 2 млрд теңге бөлінбек.

Данияр Қожахмет ҚР АҚДМ Жастар және отбасы ісі жөніндегі комитетінің төрағасы:

- Бұл дегеніміз, тағы қосымша 5 мың жас осы жұмыс аясында өзіне қосымша жарты жылдың ішінде ең төменгі жалақымен тәжірибе алып, жалақы алады. Білім беру аясында біз 20 университет пен 180 колледждің толық материалдық-техникалық базасын жаңарту мәселесі, сонымен қатар еріктілікпен айналысатын 50 мың студенттің стипендиясын көтеру мәселесі осы бағдарламада қаралып отыр.

Хабар 24 телеарнасы