379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-дағы медициналық мекемелерде заңбұзушылықтар анықталды

  • 210
СҚО-дағы медициналық мекемелерде заңбұзушылықтар анықталды

Солтүстік Қазақстандағы медициналық мекемелерде бірқатар заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының осы өңірдегі мамандары хабарлап отыр. Аталған ведомство өкілдері халыққа кепілдендірілген көлемде тегін медициналық қызмет түрін көрсететін ұйымдарда арнайы мониторинг жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде биылғы жылдың алғашқы тоқсанында мамандар 1359 кемшілікті тапқан екен. Ал оның басым бөлігі құжаттардың дұрыс толтырылмауына байланысты болып отыр. Сондықтан оларға 17 миллион теңге шамасында айыппұл салынды. Жалпы Солтүстік Қазақстанда медициналық сақтандыру 51 ұйыммен келісімшарт жасасқан. Оның 22-і – жекеменшік клиника. Ал келісімшарт сомасы – 30 миллиард теңге.

Ольга Полянская, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес АҚ СҚОФ бөлім жетекшісі:

– Медициналық құжаты дұрыс толтырылмаған науқас басқа дәрігердің қарауына баруы мүмкін. Ал оның қағазында деректер дұрыс жазылмаған. Сондай-ақ зертханалық диагностиканың қорытындыларында да осындай қателіктер орын алып отыр. Мұнымен қоса, науқастардың өздері де тексерістен уақытында өтпейді. Міне осындай кемшліктер көптеп кездесіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы