384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте 6 баланы қаққан жүргізушіге қатысты тың деректер пайда болды

  • 133
  • UPD: 09:45, 29.05.2019
Шымкентте 6 баланы қаққан жүргізушіге қатысты тың деректер пайда болды otyrar.kz

Кеше Шымкентте техникалық ақауы бар көлік иесі бір топ баланы қағып кеткен болатын.

Көлікті басқарған әйел - спорт мектебінің дәрігері. Оқыс оқиға зардап шеккен балалардың туыстарының көз алдында болған. Камера осы уақтта істемей қалған, деп хабарлайды Отырар.

Мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің дәрігері 6 жасөспірімді қағып кетті. Оқиға Мұз сарайының авто тұрағында болған. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде 6 жасөспірім ауруханаға жеткізілген. Оның екеуі жансақтау бөліміне жатқызылады. Қалған 4 бала жеңіл жарақат алып, үйлеріне қайтарылған.

Тимур Бегманов, дәрігер:

- Кеше түстен кейін біздің бөлімшеге екі бала жеткізілді. Бірі 6-да, екіншісі 11 жаста. Жол-көлік оқиғасының салдарынан алған дене жарақаттарымен дереу жансақтау бөліміне жатқызылды. Компьютерлік томография жасаған соң диагнозы анықталды. Дәл бүгін жағдайлары қанағаттандырарлық, палатаға шығаруға дайындап жатырмыз.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары «Опель» автокөлігін басқарған азаматшадан түсініктеме алып, оның көлігін уақытша айыптұраққа қойды. Жүргізуші көліктің механикалық қорабын бірге салынған күйі кілтті бұрап жіберген. Жұлқыған күйі темір тұлпар алдында тұрған балаларды қағады.

Бақытжан Зиябеков, Шымкент қаласының №8 қысқы спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры:

- Бұрын қол тежегішіне қойып жүрген екен. Кейін артқы колоткасының манжеті жыртылып кеткен де, жөндеген шебері тоқтаған кезде жылдамдық асырғышқа қоя салыңыз, тежегіштің қажеті қанша деген екен.

«Мектеп қабырғасына орнатылған бейне камералардың біразы істен шыққан», - дейді мектеп басшысы. Болған оқиға бойынша бірнеше сараптама тағайындалған.

6 жасөспірім баланы қағып кеткен оқиға бойынша қазір ҚР ҚК-нің 345-бабы, 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Оқиғаға себепкер болған жүргізуші «балаларға жұмсалатын қажетті шығындарды өтеп беремін» деп отыр, - дейді мектеп басшысы. Жазатайым жағдайға тап болған балалар әлі 10 күндей ем алатын болады.

Хабар 24 телеарнасы