389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде тозығы жеткен лифтілер жаңартылуда

  • 295
Ақтөбеде тозығы жеткен лифтілер жаңартылуда

Ақтөбеде тозығы жеткен лифтілер ауыстырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл әбден ескіріп, қолдану мерзімі өткен 18 жеделсатыны жаңарту көзделген. Бұл үшін қала бюджетінен 125 млн теңге бөлінді. Негізінен Ақтөбенің ескі бөлігі мен бірнеше шағын аудандардағы үйлердің көне көтеру механизмдері алынып, орнына жаңасы қойылып жатыр. Оның ішінде, осыдан бір жыл бұрын қайғылы жағдай болған көп қабатты үйге де орнатылды. Естеріңізде болса, лифт қолданған бір келіншек көз жұмған болатын. Жаңа жедел сатылар келесі айдан бастап іске қосылады.

Асхат Душкенов, қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің бас маманы:

– Қазіргі күні 11 лифт жабындысын ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Яғни тұрғындардың жалпы жиналыстарының шешіміне байланысты ескі көнерген лифттерді жаңасына ауыстыру шарасы шешілді. Пайызсыз қайтарымды негізде лифт ауыстырылды. Жалпы бір лифттің сомасы қазіргі таңда 7 млн шаққанда, тұрғындар ай сайын 7 жыл ішінде 3 мың теңгеден Үкіметке ақшасын қайтарады.

Хабар 24 телеарнасы