378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысындағы лагерьлерге биыл 40-қа жуық медқызметкер жұмылдырылмақ

  • 106
  • UPD: 14:40, 30.05.2019
Қостанай облысындағы лагерьлерге биыл 40-қа жуық медқызметкер жұмылдырылмақ

Осы жазда Қостанай облысындағы балалар лагерьлеріне 40-қа жуық медицина қызметкері жұмылдырылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Демалыс орындарының санитарлық жағдайын қадағалау, оқушыларды дәрігерлік көмекпен қамту тікелей солардың міндеттеріне жүктелмек. Былтыр сауықтыру нысандарында азық-түлікті сақтау мен қабылдау ережелерін бұзған сала мамандарына 600 мың теңге айыппұл салынды. Кейбірінің медициналық кітапшасыз жұмысқа орналасқаны айқындалды. Осындай келеңсіз жағдайларға қарамастан, соңғы үш жылда жазғы лагерьлерде оқыс оқиғалар тіркелген емес.

Айта кеткен жөн, биыл өңір бойынша 12 мыңнан астам оқушы демалыс орындарында тынығады деп жоспарланған.

Рәгүл Тәженова, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы:

Лагерьлерде балалар күніне бес мезгіл тамақтанады. Сондықтан асханалардағы ас мәзірін дұрыс жасау және оны екі апта бұрын бекіту маңызды. Аспаздардың медициналық кітапшалары заңға сәйкес болуын қадағалау қажет. Біз жоспарлы түрде тексеріс жасап отырамыз.

Хабар 24 телеарнасы