389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында кадеттер марапатталды

  • 240
  • UPD: 17:40, 30.05.2019

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматы облысындағы жалпы орта білім беретін мектептердің кадет сыныбындағы үздік оқушыларға өңірлік полиция департаменті басшысының алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтары тапсырылды.

Жетісу өңіріндегі 4 жалпы орта білім беретін мектептің базасында 5 кадет сыныбы ашылып, жұмыс істеп тұр. Облыс орталығы Талдықорғанда ұйымдастырылған салтанатты шараға қатысқан үздік кадеттер арнайы жасақ құрамындағы сарбаздар мен кинологиялық орталық қызметкерлерінің өнерін тамашалады.

Ерасыл Жеңісхан, кадет сыныбының оқушысы:

- Талдықорғанға келгеніме қуаныштымын. Білмейтін кадеттерді де көріп жатырмын. Генерал-майор бізді Талдықорғанға шақырып, сыйлықтар, алғыс хаттар берді, қуаныштымын. Жақсы оқуға тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы