378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін ажырасатындар жиілеп кетті – Қ.Тоқаев

  • 185
  • UPD: 20:31, 30.05.2019
Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін ажырасатындар жиілеп кетті – Қ.Тоқаев

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атаулы әлеуметтік көмек алудағы алаяқтықтың алдын алуды тапсырды.

Мемлекет басшысы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін ажырасудың жиілеп кеткеніне алаңдайды.

«Атаулы әлеуметтік көмек алу мақсатында көп балалы ата-аналардың ажырасуы жиілеп кетті. Үкімет пен Президент Әкімшілігіне алаяқтыққа тосқауыл қою үшін цифрландыру жүйесін енгізуді жеделдету тапсырылды. АӘК бұл мұқтаж азаматтарға берілетін мемлекеттің жәрдемақысы», - деп жазды Президент Твиттер желісінде.

Бұған дейін Шымкент қаласында атаулы әлеуметтік көмек үшін көп балалы отбасылардың ажырасып, әкелердің өз міндеттерінен бас тартып жатқандары хабарланған еді.

Хабар 24 телеарнасы