384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы алып тиін пластикалық жапсырмалармен қапталмақ

  • 113
Алматыдағы алып тиін пластикалық жапсырмалармен қапталмақ sport.rambler.ru

Алматыдағы әйгілі алып тиін пластикпен қапталады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Дизайнерлер мен табиғат жанашырлары осындай бастама көтерді. Жоспар бойынша тұрмыстық қолданыстан қалған пластикалық құтылар қайта өңделеді. Сөйтіп олардан түрлі-түсті жапсырмалар құйылады. Бұл үшін қаланың әр жеріне пластик ыдыс қабылдайтын контейнерлер орнатылмақ. Ал осы игі бастаманы жүзеге асыруға 10 млн теңге қажет, дейді ұйымдастырушылар. Алайда қала бюджетінен бір тиын да жұмсалмайды. Қажетті қаражатты жинау науқаны арнайы ашылатын «старт-тайм» веб-платформасында жүргізілмек.

Азиза Өтегенова, краундфандингтік платформаның бас директоры:

– Бұл жобаға кез келген адам қатыса алады. Қала экологиясын жақсартуға аз да болса үлес қосамын десеңіз, қалаған қаржыңызды аударсаңыз болады. Немесе пластикалық құтыларды жинап, оларды қабылдайтын арнайы жерлерге өткізсеңіз жеткілікті.

Хабар 24 телеарнасы