387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каспий жағалауында ірі туристік кешеннің іргетасы қаланды

  • 312
  • UPD: 13:45, 01.06.2019

Құны 57 миллиард теңге тұратын инвестициялық жобаны 2020 жылға дейін жүзеге асыру көзделіп отыр.

Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-министр Асқар Мамин аймақтағы туризм саласын дамыту жоспарымен танысты. Ақтаудан Құрыққа дейін «Жылы жағажай» құру үшін инфрақұрылым мен жол төселеді. Осылайша жылына мыңдаған адамның жағажайда демалуына мүмкіндік туады. Үкімет басшысы сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірдің дамуына қатысты тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Облыс активімен кездесіп, баспана мәселесі, «Нұрлы жол», «Бастау бизнес» жобалары мен «Жаңаөзен қаласын дамыту» туралы кешенді жоспардың іске асырылуын талқылады. 2025 жылға дейін Жаңаөзенді дамытуға 230 миллиард теңге жұмсалады.  Кешенді жоспардың аясында тозығы жеткен 52 үй де жаңарып, тұрғындар жаңа баспанаға көшіріледі. Бірнеше өндіріс ошағы ашылып, қалаішілік жолдар жөнделеді.

Хусейн Сельчук Йелкен, жобаның үйлестірушісі:

- Туристік кешеннің жалпы аумағы 2 млн 270 мың шаршы метр. Ақтаудан 20 шақырым жерде орналасады. Курортты аймақ құрылысы 5 кезеңнен тұрады. Мұнда 500 номерден тұратын ірі қонақүй кешені мен Қазақстандағы ең ірі аквапарк салынады.

Хабар 24 телеарнасы