389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісуда 18 көп балалы отбасы баспаналы болды

  • 439
  • UPD: 23:52, 01.06.2019

Балалар мерекесіне орай аудан әкімі мен кәсіпкерлер Нарынқол, Қақпақ, Сарыжаз, Шалкөде ауылдарын аралап, көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға үй кілттерін табыстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен берілген үйлердің бау-бақшасы үлкен, мал ұстауға да мүмкіндік бар. Жалпы, Нарынқол ауданында 52 көп балалы ана баспанаға кезекте тұр. Көмекке аса мұқтаж деген 18 отбасы бірінші кезекте үйлі болды.

Жолан Омаров, Райымбек ауданының әкімі:

- Әр ауылдан шыққан кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары өз ауылдарындағы көп балалы аналарға табыстап жатыр. Кімге беру керек екенін анықтау үшін комиссия құрылды. Ауыл ақсақалдары, жергілікті ақсақалдар кеңесі, депутаттар бірлесе отырып, аналар кеңесімен ақылдасып, табыс етіп жатқан жайлары бар.

Хабар 24 телеарнасы