383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Интернет арқасында көл-көсір табыс тауып жүрген блогерлер құпиясымен бөлісті

  • 116
  • UPD: 22:52, 05.06.2019
Интернет арқасында көл-көсір табыс тауып жүрген блогерлер құпиясымен бөлісті

Ғаламтор деген ғаламаттың игілігін көріп, көл-көсір табыс тауып жүрген жас кәсіпкерлер елордада тәжірибесімен бөлісті.

Белгілі блогерлер мен вайнерлер өз кәсібін енді бастаған жастарға табыс сырын айтты. Жаһанды жаулаған әлеуметтік желіні игеріп, оның пайдасын көріп жүргендердің бірі  «Юфрейм» командасы. Бұл инстаграмда 3,5 млн оқырманы, Ютубте 650 мың көрермені бар алып медиахолдинг. Жобаның авторларының бірі Арман Юсупов жастар алдында сөз сөйледі. Сонымен қатар қазақ брендінің дүкендерін ашып, 300 млн теңге көлемінде пайда көріп жүрген, бизнестің жілігін шағып, майын ішкен жас кәсіпкерлер де табыс сырымен бөлісті. Пайдалы кеңестер айтып, азаматтарға өз ісін ашуға ынталандырды. Осылайша Атамекен Фест нақты бизнес-кейстер айтылатын алаңға айналмақ.

Бауыржан Оразғалиев, «Атамекен» ҰКП департамент директоры: 

- Бүгін біз кері байланыс орнатқымыз келеді. Биыл Елбасының тапсырмасымен жастар жылы болып бекіді. Сол себепті біз 100 мың адамды кәсіпкерлікпен жұмылдыруымыз керек Үкіметпен бірлесе отырып. Оның ішінде 20 мың адамды жас кәсіпкерлік жобасы аясында кәсіпкерлікке тартып, кемінде 5 мың адамды стартап жасауға жағдай жасаймыз.

Хабар 24 телеарнасы