388,70 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау-Астрахань тасжолының құрылысы қарқынды жүруде

  • 279
Атырау-Астрахань тасжолының құрылысы қарқынды жүруде

Республикалық маңыздағы Атырау-Астрахань тасжолының да құрылысы қарқынды.

Алғашқы кезеңде 60 шақырым асфальт төселеді. Бұл аралықтағы құрылыс 2020-2021 жылы аяқталады. Ресей шекарасынан басталған жол Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарай жалғасады. Түркиялық мердігер компания қазір жоспарға сәйкес екі учаскеге бөлінген аумақта жұмыс істеп жатыр. 60 шақырымдық жолға 3 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Жолдың жалпы ұзындығы – 277 шақырым. Ауқымды жобаға 260 адам жұмысқа тартылды, оның басым бөлігі жергілікті тұрғындар. 170 арнайы техника жұмылдырылған. Жолдың сапасын техникалық қадағалау мекемелері бақылап отыр. Бұл күре жол 30 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген екен.

Хабар 24 телеарнасы