383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдан Египетке ұшатын алғашқы рейс едәуір кешігіп аттанды

  • 101
  • UPD: 21:20, 08.06.2019
Петропавлдан Египетке ұшатын алғашқы рейс едәуір кешігіп аттанды

Петропавл мен Шарм-Әл-Шейх арасындағы алғашқы әуе рейсі уақытынан кешікті.

Мысыр еліне демалуға бет алған 200-ден астам жолаушы әуе көлігін 10 сағаттай күтіп қалған. Олардың арасында Ресей азаматтары да бар. Жолаушылардың айтуынша, ұшақ әуежайға 4 рет айналып барып, бір қонған. Тексеріс кезінде ақау табылып, жөндеу жүргізілген. Осылайша туристер тек түскі 15-тен 45 кеткенде әуеге көтерілді. 4 адам ұшудан бас тартқан.

Анатолий Желудков, туристік агенттіктің директоры:

- Ашуға мінген туристер жағдайды әртүрлі қабылдады. Бірі үшін бұл үйреншікті жағдай болса, енді бірі қорқып қалды. Бірақ бәрі жақсы. Рейс ұшып кетті.

Хабар 24 телеарнасы