383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бас прокуратура: Жасырын сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге жол берілмейді

  • 150
  • UPD: 18:25, 09.06.2019

Дауыс беру барысында кімді таңдағанын көпшілікке жариялауға заңмен тыйым салынған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай әрекет - қандай да бір үміткерге үгіт-насихат жүргізгенмен тең. Заңды бұзған азаматқа әкімшілік жаза қолданылады. Бұл туралы еліміздің бас прокурорының орынбасары Болат Деменов мәлімдеді. Оның айтуынша, әзірге сайлау бөлімшелерінде өрескел заң бұзушылық тіркелген жоқ. Тек әлеуметтік желіде заңды бұзған бір азамат назарға алынды. Оған қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Болат Дембаев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- Мәселен Facebook желісінде Қанат Нұрғалиев есімімен тіркелген қолданушы Әміржан Қосановқа дауыс беруге шақырған. Қазір бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Нақты осы тұлғаның парақшасы ма, оның атынан кім кіргендігі нақтыланады. Содан кейін тиісті шаралар қолданылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы