383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда дауыс беру барлық ережелерге сай жүргізіліп жатыр

  • 62
  • UPD: 16:16, 09.06.2019

Солтүстік Қазақстанда Президент сайлауы нағыз қызған шағында.

Облыс орталығы Петропавл қаласында саяси маңызды науқан қалай өтіп жатыр?

Қазір біз Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде тұрмыз. Мұнда №581 сайлау учаскесі орналасқан. Дауыс беру барысы барлық ережелерге сай жүргізіліп жатыр. Мұнда 2331 адам тіркелген екен. 

Жүрсін Төлек, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

Тұрғындардың ел ертеңіне бейжай қарамайтыны көрініп тұр. Асқан жауапкершілікпен келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Ал өңірде осы сайлаудың әділ өтуін халықаралық байқаушылар қадағалап отыр. Солтүстік Қазақстан облысына барлығы 50-ге жуық шетелдік байқаушы келді. Оның 22-сі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан, қалғандары ТМД елдерінен. Сөз соңында айта кетейін, бүгін сайлауға байланысты шаһарда 12 қоғамдық көлік тұрғындарға тегін қызмет көрсететін болады.  

Авторы: Самат Қайырденұлы

Хабар 24 телеарнасы