378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Азаматтардың сайлауға белсенді қатысуы қуантады – Байқаушылар

  • 142
  • UPD: 01:42, 10.06.2019

Қазақстандағы президенттік сайлау кейбір еуропалық мемлекеттер үшін үлгі болып жатса таңқалудың қажеті жоқ.

Франциялық байқаушылар осылай дейді. Олардың айтуынша, елде мүмкіндігі шектеулі жандар мен төсек тартып қалған қариялардың дауыс беруіне дейін қолайлы жағдай жасалған. Мәселен, тұрғылықты мекен-жайы бойынша сайлаушыға мобильді жәшікті жеткізу сынды қызмет түрі кәрі құрлық елдерінің бірінде болса, бірінде қарастырылмаған дейді франциялық сарапшылар.

Жан-Пьер Кубертафон, Франция парламентінің депутаты:

- Бұл жолғы сайлау Қазақстанның саяси өмірінде өте маңызды екені түсінікті. Азаматтардың белсенді түрде қатысып жатқаны ерекше қуантады. Ал сайлау процесіндегі айырмашылықтарға тоқталсақ, мұнда әр бюллетенінде ел президенттігіне үміткерлердің толық тізімі ұсынылған. Францияда әр кандидатқа дара бюллетень жасалады. Меніңше, сайлаушы үшін бірінші жағдай қолайлы.

 

Хабар 24 телеарнасы