389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында дауыс есептеу басталды

  • 260
  • UPD: 01:40, 10.06.2019

Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес Ақтөбе облысы – дауыс берушілер саны бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізген аймақтың бірі.

Қазір дауыстарды есептеу жұмыстары жүруде. Аймақтағы барлық сайлау орындарынан бюллетеньдер облыстық комиссияға жеткізілетін болады. Ақтөбеде санақ жұмыстары ертеңге дейін жалғасады. Себебі облыстың әкімшілік – территориясы еліміздегі ең үлкендерінің бірі. Сондай ақ биыл сайлаушылар саны да артқан. Саяси науқан алдында жергілікті билік 567 572 азаматты дауыс беруші ретінде тіркеген болатын. Жаңадан учаскелер қосылып, облыс бойынша 500-ден астам дауыс беру бөлімшесі жұмыс істеді. Олардың тек 150-і ғана Ақтөбе қаласында.

Гүлнар Күнбаева, Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясы төрайымы:

– Мәселен Шалқар ауданынан кешкілік 20:00-де сайлау учаскесін жауып, облыс орталығына жету үшін біраз уақыт қажет. Байғанин ауданы қашық орналасқандықтан, сайлау комиссияларының Ақтөбеге жетуін күтеміз. Сондықтан облыс бойынша сайлау қорытындысы ертең таңда белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы