379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да 800 мыңға жуық адам дауыс берген

  • 109
  • UPD: 01:54, 10.06.2019

Шығыс Қазақстанда 800 мыңға жуық адам дауыс берген.

Жас та, кәрі де саяси науқанға бір адамдай жұмыла атсалысты. Бұл күні аймақтағы көп балалы аналар мен жас отбасылар көпке үлгі бола білді.

Мейіргүл Мұстафина сайлауға 3 баласын ертіп келіп дауыс берді. Балалармен қоғамдық жерге келу қиын болса да, жас ана осы ісі арқылы ұрпағын жауапкершілікке баулымақ.

Ал Эльдар мен Динара 9 маусымға неке күнін белгілеген кезде ол күннің тарихи күнмен сәйкес келетін білмеген де. Кейін аталған уақытта президент сайлауы өтеді дегенді естіп, қатты қуанған. Енді некелерін қиған жұп, өмірлік қадамдарының 3 бірдей маңызды шарамен астасып жатқанына риза.

 

Облыстық деңгейде 2600-ге жуық байқаушы сайлау барысын бақылады. Шетелдік түрлі ұйым өкілдері де қалыс қалған жоқ.

Ирина Акимова, ТМД байқаушылар миссиясының өкілі (РФ Алтай өлкесі)

– Сайлаушылардың белсенділігі жоғары екенін байқадық. Кейбір жерлерде тіпті дауыс берушілер кезегін де көзіміз шалды. Барлығы ашық өтті. Әдістемелік, ақпарттық қолдаулар толық қарастырылған екен. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың дауыс беруіне де қолайлылықтар жасалыпты. Өзіміз болған сайлау учаскелерінде ешқандай заң бұзушылықтар тіркелген жоқ.

Жалпы еліміздің шығысында биылғы сайлауда 1040 сайлау учаскесі жұмыс істеді.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы